Разметканың кеңейтілген тілі (XML)


Берлген құжат "Extensible Markup Language" мақаласының аудармасы болып табылады.
Құжаттың бастапқы жобасы тек қана W3C сайтында http://www.w3.org/XML/ бар
Берілген аударма W3C ресми құжаты болып табылмайды. Барлық Авторлық Құқықтарға W3C ие. Берілген құжат аудармашылық қателер мен олқылықтар болуы мүмкін.


  1. Кіріспе
  2. Жұмыс топтары
  3. Контактер
  4. Контактер

Байланысқан мақалалар: және олардың Аудармалары.

Кіріспе

Разметканың кеңейтілген тілі (Extensible Markup Language, XML) бұл SGML (ISO 8879) негізінде жасалған қарапайым және өте жайлы мәтінді формат. Бұл тіл масштабты электрондық басылымдар талаптарына сәйкес жасалған жіне де бүгінгі күндері Интернетте және басқа желілерде әр түрлі типтегі мәліметтермен алмасуда маңызды рөл атқарады.

Бұл бетте W3C Консорциумының XML (XML Activity) Жобасы аясында жұмысы туралы және құрылымы туралы айтылады. Консорциумдағы барлық қызмет жұмысшы топтар аясында атқарылады. Төменде XML Жобасының олардың вебөбеттеріне сілтемелері бар жұысшы тотарының тізімі берілген.

Бұл сайтта ресми техникалық спецификацияларды табуға болады, біз оларды ашық түрде жариялаймыз. Мұнда XML байланысы бар оқулықтар, өнімдер, курстар, кітаптар және басқа материалдар жоқ. Осы сияқты материалдарды төменде клтірілген сілтемелер бойынша табуға болады.

Әрбір жұмысшы топтың бетінде тұтынушылар W3C Нұсқауларын, Ұсынылатын нұсқауларды, Жұмысшы жобаларын, сәйкестікке тестілеудің қорытындылар пакеттеріне және басқа құжаттарға сілтемелер таба болады. Әрбір құжатта тұтынушылар өздерінің көзқарастарын және сұрақтарын жібере алатын электрондық адрес бар, мысалы олар біздің стандарттарымызға сәйкес келетін программалық кодты жазғанда шешілмейтін мәселеге немесе қателерге тап болған жағдайда.

Бізге спецификациялар мен тілді меңгеруге көмек сұрау мақсатымен хаттарды жібермеуге сұраймыз. Дәл осындай мақсаттармен жасалған көптеген онлайнөресурстар бар, ал спецификацияларды өңдеу және түзетумен айналысатын мамандардың қолдары бос емес, олар мұндай нәрселерге уақытын бөле алмайды. Оған қарамастан біз қателер жайындағы хабарлар мен түсіндірмелерге мүдделіміз.

W3C Консорциумына немесе жұмысшы топтар аясындағы ресми қызметтестікке мүдделі ұйымдар өкілдері (отырыстарда қатысу үшін керекті ресурстары бар) Консорциум туралы көбірек біле алады.

Жұмысшы топтар

XML Жобасы туралы ресми қорытындыда және жұмысшы топтардың бұқаралық веб-парақтарында әрбәр топ туралы жан-жақты мәлімет алуға болады.

Жұмысшы топтардың көбісінде бұқаралық веб-парақтармен қатар, тек қана Консорциум мүшелеріне ашық жекеменшік веб-парақтар бар. Жекеменшік веб-парақтарда телефондар, кездесу тәртібі және конференц-байланыстар сеанстарының тәртібі, редакциялау кезеңіндегі ішкі жұмысшы топтарға сілтемелер мен басқа административтік мәлімет бар.

XML координация топтары (XML Coordination Group)

Осы топтың мүшелері жеке жұмысшы топтарының төрағалары болып табылады. Оның міндеті XML Жобасының, XML Жобасы мен W3C басқа бөлімшелері арасында және XML Жобасы мен басқа ұйымдар аясында жұмысшы топтар әрекеттерін координациялау мақсатында құрылған форум болып табылады.

Бұл топ спецификациялармен жұмыс істемейді және өзінің бұқаралық парағы жоқ. Ол туралы мәліметті XML координациялайтын Топтың Жарғысынан білуге болады, ал жан-жақты мәліметті XML Жобасы туралы Ресми қорытындысынан алуға болады. Топтың тек қана Консорциум мүшелеріне ғана ашық беті бар.

XML негізгі жүмысшы тобы (XML Core Working Group)

Негізгі жұмысшы топтың міндеті XML тілінің спецификацияларын және онымен тығыз байланысқан элементтерін, мысалы XML (Namespaces in XML) атауларының кеңістіктерін, XML (XML Information Set) мәліметтік жинақ XInclude пен әзірлеу және қолдау.

Топ туралы мәліметті оның бұқаралық бетінде және XML Негізгі жұмысшы тобының Жарғысында, сонымен қатар Консорциум мүшелеріне ғана ашық бетте табуға болады.

XSL жұмысшы тобы (XSL Working Group)

XSL жұмысшы тобы XSL трансформацияларын (XSL Transformations, XSLT) және XSL объектілерін форматтаумен қоса (XSL Formatting Objects, XSL/FO) стильдер кестелерінің кеңейтілген тіліне (Extensible Stylesheet Language, XSL) міндетті. Бұл топ W3C архитектурасының Доменының (W3C Architecture Domain) құрамына 2003 жылдың басында кірді.

Жұмысшы топтың бұқаралық бетінде оның Жарғысына және Консорциумның мүшелеріне ғана ашық бетіне сілтеме бар.

XML эффективті өзара алмасу жұмысшы тобы (Efficient XML Interchange Working Group)

XML эффективті өзара алмасу жұмысшы тобы XML функционалды жұмысын төмендетпейтін XML құжаттарының алмасуының ыңғайлы және эффективті жолдарын әзірлеуге міндетті. Топ сонымен қатар жұмысшы топтың XML екілік кодтау сұрақтарымен айналасуды жалғастырады. Жабық, арнайы немесе шытырман екілік XML тілін әзірлеу бұл жұмысшы топтың міндеті болып табылмайды: W3C Консорциумының әрекеті функционалды қызметке бағытталған!

XML эффективті өзара алмасу жұмысшы тобы туралы мәліметті оның бұқаралық бетінде және Жарғыда табуға болады. Техникалық және административтік сұрақтарды талқылау үшін Консорциум мүшелері ғана үшін ашық бет бар.

XML екілік кодтау мәселелері бойынша жұмысшы тобы (XML Binary Characterization Working Group)

2003 жылдың қыркүйек айында W3C Консорциумы ашық семинарөткізді, онда мәтінді форматқа салыстырғанда жоғары эффективтілік керек болғандарға мәліметтер алмасу екілік форматын Консорциум әзірлеу керек пе деген сұрақ талқыланды. Семинар қорытындысы бойынша Консорциум осы форматтың болуының пайдасы оның әзірленуіне кеткен шығынды асып түсетіні әлі белгісіз екендігі туралы қорытындығы келді, сондықтан мәселе зерттеуді талап етеді. Мәселені зерттеу үшін XML екілік кодтау мәселелері бойынша жұмысшы тобы құрылды, оның алдында келесі міндет қойылды: Консорциумға аламасудың екілік форматтың қазіргі кездегі мәтінді аласудың әдістермен салыстырғандағы пайдасы туралы (егер ондай болса) есептеулер беру. Жұмысшы топқа бір нақты форматты таңдау немесе әзірлеу бойынша техникалық жұмыс жасау құқығы әдейі берілген жоқ, бұл басқа жұмысшы топтың міндеті болады, ол топ тек қана XML екілік кодтау мәселелері бойынша жұмысшы тобы осы жұмыстың практикалық құндылығын дәлелдей алатын болса жасалады.

XML екілік кодтау мәселелері бойынша жұмысшы тобының бұқаралық бетінде оның Жарғысына және Консорциум мүшелеріне ғана ашық бетіне сілтеме бар.

XML өңдеу моделін жасау бойынша жұмысшы тобы (XML Processing Model Working Group)

XML өңдеу моделін жасау бойынша жұмысшы тобы XML құжатымен қандай операциялар жасау керектігін және қандай тәртіпте жасайтынын анықтауға мүмкіндік беретін XML сценарийлер тілімен жұмыс істейді.

XML өңдеу моделін жасау бойынша жұмысшы тобы туралы мәліметті оның бұқаралық бетінде және Жарғыда бар және Консорциум мүшелеріне ғана ашық бетте бар.

XML-сілтемелер бойынша жұмысшы тобы (XML Linking Working Group)

XML-сілтемелер бойынша Жұмысшы топтың Жарғысының қызмет істеу уақыты өтіп кетті, ол оның тобы қазіргі кезде тоқтатылған. Бұрында бұл топ XML құжаттарында гипермәтінді сілтемелермен айналысты, соның ішінде XML (XML Linking Language, XLink) сілтемелерінің тілі мен XML (XML Pointer Language, XPointer) көрсеткіштерінің тілдерімен айналысты.

XML-сілтемелер бойынша жұмысшы тобы туралы мәліметті оның бұқаралық бетінде және Жарғыда бар және Консорциум мүшелеріне ғана ашық бетте бар.

XML сұраныс тілі бойынша жұмысшы тобы (XML Query Working Group)

XML сұраныс тілі бойынша жұмысшы тобы XML сұраныстарының тілімен жұмыс істейді, ол Интернеттегі XML виртуалды және реалды құжаттарынан мәліметті шығарып алатын иілімді сұраныс саймандарын жасауға мүмкіндік береді. Бұл XQuery, XPath XSL Жұмысшы тобымен қызметтестіктің спецификацияларын (стильдермен жұмыс істеу бойынша Жобаның бір бағыты).

XML сұраныс тілі бойынша жұмысшы тобы туралы мәліметті оның бұқаралық бетінде және Жарғыда бар және Консорциум мүшелеріне ғана ашық бетте бар.

XML сұлбалар бойынша жұмысшы топтар (XML Schema Working Group)

W3C Консорциумының XML сұлбалары құрылымды, мазмұнды, қандай да бір дәрежеде XML құжаттарының семантикамын сипаттау және анықтау байыптарын ұсынады.

XML сұлбалар бойынша жұмысшы топтар туралы мәліметті оның бұқаралық бетінде және Жарғыда бар және Консорциум мүшелеріне ғана ашық бетте бар.

Қызметтерді модельдеу тілі бойынша жұмысшы тобы (Service Modeling Language Working Group)

Қызметтерді модельдеу тілі бойынша жұмысшы тобы (SML) W3C сұлбаларының XML тілін кеңейтуде, құжат ішінде және тұтынушы шектеуде сілтемелерді қуаттайды.

Қызметтерді модельдеу тілі бойынша жұмысшы топ туралы мәліметті оның бұқаралық бетінде және Жарғыда табуға болады.

Басқа ресурстар

XML тілімен байланысты ресурстар саны сондай көп, біз мұнда олардың барлығын атай алмаймыз. Бұл жақсы, өйткені бұл XML тілінің кең қолданыста екенін көрсетеді! W3C Консорциумының аясында XML әзірлеу тарихына қоса бұл тіл туралы жан-жақты ақпаратты Робин Кавер жұмыс істейтін Cover Pages сайтының сәйкес бетінде табуға болады. Жұмысшы топтың бұқаралық веб-парақтарында арнайы ресурстарға сілтемелер табуға болады. Usenet конференцияларының көптегендері бар (мысалы, comp.text.xml) және бұқаралық хат жіберу жүйелері бар (мысалы, xml-dev).

Сонымен қатар XML туралы мәліметті іздеу жүйесі арқылы, мысалы Google көмегімен кілтті сөздер бойынша тауып көруге болады:

Контактер

Лиам Куин, XML Жобасының басшысы

Ескетрпе

XML спецификациялары және XML Негізгі жұмыс тобына қатысты басқа мәлімет XML Негізгі жұмыс тобының и другая информация, касающаяся Основной рабочей группы, перенесены на публичную страницу Основной рабочей группы XML.

Аудармалар жеке бетте орналасқан.

Сонымен қатар біздің көптеген спецификациямызда қлданылатын xml-spec DTD шаблонына арналған жеке бет бар.